Қазақша

Русский


Контактiлер


+7 (727) 382-41-74

+7 (727) 265-54-70

+7 708 151 5235

Басты  \ Тәжіибе шолуы

Тәжіибе шолуы


Тура реттеу тізімінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру сұрақтары бойынша сақтандыру ұйымдарының өтінішін талқылаудың тәжірибелік шолуы

  Сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру Омбудсманына өтініштерінің көп бөлігі тура реттеу тізімі бойынша Тікелей Сақтандырушымен жүзеге асқан, сақтандыру төлемінің соммасын қайтару сұрақтары бойынша Жауапты Сақтандырушыға деген шағымдарға негізделген.

 

  Шағымның себебі, Жауапты Сақтандырушының қайтаратын соммасының Тікелей Сақтандырушы төлеген соммадан төмен болуы.

 

  Мысалы, «ААА» Сақтандыру компаниясы (әрі қарай мәтін бойынша – Тікелей Сақтандырушы) 2008 жылдың 1 қаңтарында Алматы қаласында «ВАЗ» маркалы автокөлікті басқаратын жүргізуші Иванов А.А.-ның  кінәсі бойынша жол-көлік оқиғасы болғанын көрсете отырып, «БББ» Сақтандыру компаниясынан (әрі қарай мәтін бойынша Жауапты Сақтандырушы) 105 000 (жуз бес мың) теңге көлеміндегі сомманы қайтару түралы сақтандыру омбудсманына арыз жазады. Сол жол-көлік оқиғасы нәтижесінде «Mersedes» маркалы автокөліктің иесі Петров Б.Б-ға материалдық шығын келтіруіне тура келді.

 

   Көлік құралдары иелерінің арасында азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы алдын-ала келісім жасалған Петров Б.Б. тура реттеу бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы арызымен Тікелей Сақтандырушыға шағымданады.

 

  Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 1 шілдесінде шыққан  №446-II «Көлік құралдары иелерінің міндетті сақтанудың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі» туралы заңының 25 бабы бойынша, барлық қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін, Тікелей Сақтандырушымен Сақтанушы Петров Б.Б-ның пайдасына 500 000 (бес жүз мың) теңге көлемінде төлем төленді.

 

  Сақтандыру төлемін іске асырғаннан кейін, Тікелей Сақтандырушы Жауапты Сақтандырушыға сақтандыру жағдайын реттейтінін мәлімдейді.500 000 (бес жуз мың) теңге көлемінде сақтандыру төлемін, сонымен қатар 5000 бес мың теңге көлеміндегі тәуелсіз баға берушінің қызметінің төлеген соммасын қайтару талабымен, осы іс бойынша барлық құжаттарды ұсынды.

 

  Кейінірек, Жауапты Сақтандырушы 400 000 төрт жуз мың көлемінде сомманы қайтарады.Себебі Жауапты Сақтандырушы зақымданған көлік құралына тәуелсіз бағалау жүргізеді, нәтижесінде  400 000  (төрт жуз мың) теңге көлемінде материалдық шығын анықталады.Сондықтан, Жауапты Сақтандырушы Тікелей Сақтандырушымен іске асқан сақтандыру төлемін негізсіз деп есептейді, сәйкесінше қалған сомманы қайтаруға келіспейді.

 

  Бұл өтінішті қарастыру  кезінде бағалау, Тікелей Сақтандырушының  сақтандыру төлемі негізінде Петров Б.Б.арызы бойынша бағалау ісін жүргізуге лицензиясы бар және қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдардың бақылау мен реттеу бойынша Казакстан Республикасының агенттігімен акредиттелген тәуелсіз бағалаушымен жүргізілгені анықталды.Яғни, бұл сақтандыру төлемдерін іске асыру құқығын растайды, себебі Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 1 шілдесінде шыққан  №446-II «Көлік құралдары иелерінің міндетті сақтанудың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі» туралы заңының 22 бабының, 5 тармағы бойынша, «көлік құралының зақымдануы кезіндегі шығын көлемін тәуелсіз эксперт бағалайды және оның баға беруі сақтанушы үшін міндетті болып табылады» деп айтылған.

 

  Сонымен қатар Тікелей Сақтандырушыға Жауапты Сақтандырушының зақым келтіргені үшін баға берілгені туралы хабар берілмейді.

 

  Тікелей Сақтандырушыға Жауапты Сақтандырушының бағыттауы бойынша шағын жүргізілетіні туралы айтылмаған.

 

   Көптеген өтініштерде, сонымен қатар келтірілген мысалда, Жауапты Сақтандырушының бағытымен жүргізілген бағалау, зардап шегушінің арызын алмай жүзеге асқан. Бұл Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 1 шілдесінде шыққан  №446-II «Көлік құралдары иелерінің міндетті сақтанудың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі» туралы заңының 22 бабының талатарын бұзу блып табылады және сәйкесінше сақтандыру төлемінің есептік өлшемінің негізіне кірмейді.

 

   Кейбір жағдайларда сонымен қатар келтірілген жағдай сақтандыру омбудсманымен материалдық шығынның көлемін анықтауды жүзеге асырған бағалаушылармен шақыртылды. Оның мақсаты бағалаушылардың бағалау нормативін сақтауын тексеру, сонымен қатар қажетті  жұмыс сағаттарын және ауыстыруды талап ететін қосымша бөлшектердің құнын анықтау.

 

  Бұдан бұрын жоғарыда айтылған бағалаушылар, 2008 жылдың 3 шілдесінде көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету бойынша уақыт нормасының құнын және көлік құралдары иелерінің азаматтық-кұқықтық жауапкешілігін міндетті сақтандыру  аясында қосымша бөлшектердің бірыңғай методикасы туралы Меморандум жасалған болатын. Бұл жіберілген қателіктеді құжатпен рәсімдеу және Қазақстан Республикасының Сақтандыру Омбудсманының сайтында көрсету құқына ие болуға мүмкіндік берді.

 

  Іс мәліметтерін қарастыра және зерттей отырып, Сақтандыру Омбудсманы тікелей сақтандырудың талаптарын толық қанағаттандырды.

 

  Мыналар қанағаттандырудың негізі болып табылады Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 1 шілдесінде шыққан  №446-II «Көлік құралдары иелерінің міндетті сақтанудың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі» туралы заңының 22 бабына сәйкес шығынды бағалау мүлкіне  материалдық шығын келген тұлғаның немесе оның өкілінң  әйкес арызы негізінде ғана жүзеге асады.

 

  Жоғарыда көрсетілген бапқа сәйкес мүлікті зақымдау кезінде келтірілген шығын көлемін бағалау нәтижесі сақтандырушы үшін міндетті болып табылатын тәуелсіз эксперт бағалайды. 2007 жылдың 25 маусымында №179 каржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу бойынша  Қазақстан Республикасының Басқару агенттігінің бекітуімен Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 1 шілдесінде шыққан  №446-II «Көлік құралдары иелерінің міндетті сақтанудың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі» туралы заңының 26-1 бабының 3 тармағы және 11-тармағы Тура реттеуді іске асыру ережелері бойынша жауапты.

 

  Сақтандыру омбудсманының шешімдері Қазақстан Респубикасы заңдылығының сақтандыру саласындағы талаптарына негізделген және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру нарығы мен оның әрі қарайғы дамуына қызығушылығына және заңды құқықтарын қорғауға бағытталған.