Қазақша

Русский


Контактiлер


+7 (727) 382-41-74

+7 (727) 265-54-70

+7 708 151 5235

Басты  \ Сақтандыру омбудсманының ішкі қағидалары

Сақтандыру омбудсманының ішкі қағидалары


   

 

 

«30» қазан 2018 жылы
Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкімен
«Келісілді»

 

 

Сақтандыру омбудсманы

Өкілдер кеңесінің шешімімен

№ 27 отырыс хаттамасымен

«05» қараша 2018 жылы
«Бекітілді»

 

 

 

 

 

 

 

Сақтандыру омбудсманының ішкі қағидалары

 

 

Сақтандыру омбудсманының осы ішкі қағидалары (әрі қарай - Қағидалар) сақтандыру омбудсманының қызметін реттеу, сонымен қатар сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін тоқтату тәртібі, келіспеушіліктерді реттеу арыздарын қарастыру мерзімі және шешім шығару тәртібі, сақтандыру омбудсманы қызметін қаржыландыру тәртібі, сақтандыру омбудсманы қызметін жүзеге асыруымен байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде шығарылған.

1 Тарау. Жалпы ережелер

1.       Пайдаланылған терминдер, анықтамалар мен қыскартулар келесі мағыналарды береді:

1)         Арыз беруші - сақтандыру омбудсманына арызбен жүгінген сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, сақтандыру ұйымдары.

2)         Арыз – сақтандыру шартының негізінде сақтандыру компаниясымен туындаған келіспеушіліктің нысаны көрсетілген, жазбаша түрде берілген арыз берушінің арызы, жүгінуі, өтініші, шағымы.

3)         Онлайн келіспеушіліктерді реттеу жүйесі – арыз беруші, жауапкер және сақтандыру омбудсманының өзара қарым-қатынасын нақты уақыт тәртібінде бірыңғай кеңістігін құрайтын бағдарламалық өнім. Істі қарау рәсімін онлайн платформа арқылы жүргізуге мүмкіндік береді және келесі міндеттерді орындайды:

a)       технологиялық – сақтанушының  (сактандырылушы, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына жүгіну рәсімінің оңайлатылуы.

b)       коммуникативті –  қаралып жатқан іске қатысушы тараптардың территориялық орналасуына тәуелсіз қарым-қатынаста болуы.

c)       статистикалық – сараптамаларды өткізу мүмкіншілігі.

4)       Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

5)    Мекеме – «Сақтандыру омбудсманының кеңсесі» жеке меншік мекемесі  сақтандыру омбудсманының қызметін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған бейкоммерциялық ұйым.

2.     Сақтандыру омбудсманы өз қызметін атқару барысында Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сонымен қатар уәкілетті органмен келісілген және сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесімен бекітілген Қағидаларды басшылыққа алады.

3.     Сақтандыру омбудсманы өз қызметін атқару барысында келесі қағидаттарды басшылыққа алады:

      1) тараптардың теңқұқықтылығы;

      2) шешім қабылдау барысындағы әділдік және бейтараптық;

      3) сақтандыру құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау;

      4) тараптардың құқықтарын сақтау және заңмен қорғалатын мүдделерін құрметтеу;

      5) шешім қабылдау рәсімінің айқындығы және негізділігі.

4.     Тараптардың теңқұқықтылығы туралы қағидатты ұстану - келіспеушіліктерді реттеу барысында сақтандыру омбудсманы бір тарапқа берілмеген қосымша құқықтарды басқа тарапқа беруге құқылы емес дегенді білдіреді.

5.     Келіспеушіліктерді реттеу барысында сақтандыру омбудсманының әділдік пен бейтараптылық қағидатын ұстану дегеніміз, қандай-да бір тараптың өкілі болуға, сонымен қатар тараптарға қатысты артықшылық, теріс түсінігін туғызуға ықпал ететін мән-жайлар мен біржақтылық көзқарасын болдырмау.

6.     Сақтандыру құпиясы мен заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау қағидаты – сақтандыру омбудсманы және Мекеме қызметкерлері  келіспеушіліктерді реттеу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға және үшiншi тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен қойылған талаптарын орындамастан жарияламауға міндетті.

7.     Тараптардың құқықтарын сақтау және заңмен қорғалатын мүдделерін құрметтеу қағидаты - сақтандыру омбудсманы тараптардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған  құқығын бұзбауға, тараптарға заңмен қорғалатын мүдделерін білдіруге мүмкіндік беру.

8.     Шешім қабылдау рәсімінің айқындығы және негізділігі -  сақтандыру омбудсманының  шешім қабылдауы Қағидаларда көрсетілген рәсім бойынша жүзеге асырылады, ал шешім қабылдағанда сақтандыру омбудсманы  Қазақстан Республикасының заңнамасы мен сақтандыру шартының талаптарын басшылыққа алады.

9.     Сақтандыру омбудсманы өзінің қызметінде тәуелсіз. Сақтандыру омбудсманының тәуелсіздігі, белгілі жүгінулер бойынша есеп бермеуімен қамтамасыз етіледі. Сақтандыру омбудсманының нақты арызды қарастыру барысында қандай-да бір араласушылыққа жол берілмейді.

10. Сақтандыру омбудсманының тараптар арасындағы келіспеушіліктерді реттеу барысында:

1)       тараптардың арасында туындаған келіспеушіліктерді шешуге тәжірибелік көмек көрсетуге;

2)       тараптар арасындағы келіспеушіліктерді реттеу барысында жеңілдету, тездету және тиімділік таныту;

3)       келіспеушіліктерді реттеуге қатысушылар арасындағы іскерлік, әріптестік қарым-қатынасты сақтауды және әрі қарай нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталады.

11.   Сақтандыру омбудсманы сақтандыру ұйымдарының өкілдерін, сақтанушыларды, сақтандырылушыларды, пайда алушы және олардың сенiм бiлдiрушiлерін (өкілдерін) дүйсенбі мен жұма күндері аралығында, демалыс және мереке күндерін санамағанда Мекеменің орналасқан мекенжайы бойынша қабылдауды жүзеге асырады.

 

Тарау 2. Сақтандыру омбудсманының құзыреті

12.    Сақтандыру омбудсманының құзыреті:

1)    сақтандыру ұйымдары арасында міндетті  және ерікті сақтандыру сұрақтары бойынша келіспеушіліктерді реттеу;

2)    сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) және сақтандыру ұйымдары арасындағы сақтандыру шартынан туындаған келіспеушіліктерді реттеу;

3)    сақтанушы, сақтандырылушы,  пайда алушы, сақтандыру ұйымдарының арыздары бойынша, сақтандыру шартын орындауға байланысты кездесулер өткізу, кеңес беру;

4)    сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің кезекті және кезектен тыс отырыстарын ұйымдастыру;

5)    мекеменің қызметін ұйымдастыру;

6)    сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесімен бекітілген бюджет көлемінде Мекеменің қызметін қамтамасыз ету;

7)    мекеме қызметін ережелейтін ішкі құжаттарды бекіту;

8)    сақтандыру омбудсманы институтын дамыту мен дәріптеу мақсатында басқа да қажетті қызметтерді орындау.

13.   Сақтандыру омбудсманы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) ретінде жүгінген жеке тұлға және (немесе)     шағын кәсіпкерлік субъектілерінің келіспушіліктерін реттейді. Басқа заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына тек көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру классы (түрі) бойынша жүгіне алады.

14.   Осы Қағидалардың 13-ші тармағында көрсетілген тұлғалардың талап сомасы он мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

15.   Келіспеушіліктерді реттеу сақтандыру омбудсманының шешім шығаруы арқылы жүзеге асырылады.

16.   Сақтандыру омбудсманы:

1)       сақтандыру ұйымдарынан қарастырылып жатқан өтініш бойынша қажетті мәліметтерді сұратуға;

2)       бұқаралық ақпарат құралдарында сақтандыру омбудсманының қызметі туралы және осы Қағидалардың 6-шы тармағына сәйкес тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру туралы ақпаратты жариялауға;

3)       штат (сақтандыру омбудсманының офисінің) құруға;

4)       сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесіне кіретін сақтандыру ұйымының бірінші басшысының және лауазымды тұлғасының қабылдауында болуға;

5)       халықаралық  қаржы жүйесіндегі татуластырушылар (омбудсмандар) ұйымының  жұмысына қатысуға құқылы.

17.    Сақтандыру омбудсманының міндеті:

1)    өзінің қызметінде, осы Қағидалардың 3-ші тармағында қарастырылған қағидаттарды басшылыққа алуға;

2)    келіспеушіліктерді реттеу барысында алынған ақпараттардың құпиялылығын сақтауға және үшiншi тұлғаларға жарияламауға;

3)    жыл сайын өзінің қызметі туралы сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінде есеп беруге;

18.   Сақтандыру құпиясы сақтандыру омбудсманының қарауындағы өтініштер бойынша VK.init({apiId: 2672316, onlyWidgets: true});